Пайдалану шарттары

Осы «Пайдалану шарттары» Sajda мобильді қосымшасына («Қолданба») қатысты қолданылады, ол мұсылман намазының уақытын, Құран, зікір және басқа да ақпараттар ұсынады (бірлесіп «Қызметтер» деп аталады). Қолданба – App Store, Google Play және Huawei AppGallery дүкендерінде қол жетімді.

GOOD/APP LLP («Біз», «Бізді» немесе «Біздікі») – қолданбаның баспагері, әзірлеушісі, иесі және операторы. Қолданбаны пайдалану арқылы сіз («сіз», «сіздің», «Пайдаланушы») Пайдалану шарттарымен келіскен боласыз; келіспесеңіз, Қолданбаны пайдаланбаңыз.

Қазіргі уақытта қолданба екі нұсқа ұсынады, атап айтқанда:

  • тегін нұсқа және
  • қосымша функцияналы бар ақылы премиум-сервис («Sajda Плюс»),

Тегін және ақылы нұсқада жарнамалар жоқ.

Біз кез келген уақытта өз шешіміміз бойынша осы Пайдалану шарттарының бөлімдерін өңдеу, өзгерту, қосу немесе жою құқығын өзімізде қалдырамыз. Сіз осы Пайдалану шарттарында өзгерістердің бар-жоғын мезгіл-мезгіл тексеріп отыруға міндеттісіз. Өзгерістер жарияланғаннан кейін қолданбаны одан әрі пайдалануыңыз оларды қабылдағаныңызды және келісетініңізді білдіреді. Сіз осы Пайдалану шарттарын орындаған жағдайда, біз сізге қолданбаны орнату және пайдалануға жеке, айрықша емес, өзгеге тапсырылмайтын, шектеулі құқық береміз.

1. БАСҚА КЕЛІСІМДЕР

Біздің Құпиялылық саясатымыз – сіздің жеке деректеріңізді қалай жинайтындығымыз және өңдейтіндігіміз, ол ақпаратты қалай пайдаланатындығымыз және қорғайтындығымыз жайлы, және осы ақпаратқа қатысты құқықтарыңыздың сипаттамасын қамтиды;

Сіз осы Басқа келісімдерді оқығаныңызды, түсінгеніңізді және қабылдағаныңызды растайсыз және оларды орындауға келісесіз.

2. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ; ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕУЛЕРІ

Қызметтердің мазмұны («Мазмұн»), оның ішінде шектеусіз, бейне, аудио, мәтін, фотосуреттер мен графика бізге немесе біздің лицензиарларға тиесілі. Өзіңіздің жеке Пайдаланушы материалдарын қоспағанда: (а) Мазмұнды біздің алдын ала жазбаша рұқсатымыз бен лицензиарларымыздың рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көшіруге, өзгертуге, көшірме жасауға, қайта шығаруға, орналастыруға, беруге, сатуға, сатылымға қоюға немесе қайта бөлуге болмайды; және (б) сіз авторлық құқық туралы барлық хабарламаларды, кез келген Мазмұндағы немесе оған бекітілген ақпаратты немесе шектеулерді сақтауыңыз керек. Біз сізге осы Шарттарда рұқсат етілген тәртіппен Қызметтерге қол жеткізуге және оларды пайдалануға жеке, күшін жоятын, өзгеге тапсырылмайтын, қосалқы лицензиялауға жатпайтын және айрықша емес құқық береміз. Сіз қызметтердің барлығына немесе кез келген бөлігіне бастапқы код түрінде қол жеткізуге құқығыңыз жоқ екендігін растайсыз.

3. БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

3.1. Пайдалану шарттарын орындау. Біздің Қызметтерге қол жеткізуіңіз және оларды пайдалануыңыз осы Пайдалану шарттарымен және жоғарыдағы 1-бөлімде келіскен Басқа келісімдермен, сондай-ақ Біздің Қызметтерімізге жарайтын кез келген қолданылатын заңдармен, ережелермен және жағдайлармен реттеледі.

3.2. Жас талаптары. Біз балаларға да лайықты болатын мазмұнды ұсынғанымызбен, біздің қызметтеріміз ата-анасы немесе қамқоршысының қарауынсыз немесе мақұлдауынсыз балалардың пайдалануына арналмаған. Егер сіз 13 жасқа толмаған болсаңыз (немесе сіздің аймағыңызда, аумағыңызда немесе тұратын еліңізде бекітілген кәмелеттік жасқа толмаған болсаңыз), Сізге Біздің Қызметтерді тіркеуге және пайдалануға, немесе Бізге жеке мәліметтеріңізді беруге рұқсат етілмейді.

3.3. Міндеттеуші келісімшарт. Біздің Қызметтерімізге тіркелу немесе кез келген Мазмұнға қол жеткізу арқылы сіз Бізбен міндеттеуші келісімшартқа тұрасыз және сіздің Бізге берген кез келген ақпарат әрқашан шын, дәл және толық екендігін және Өзіңізге қатысты келесі ақпаратты растайсыз:

a. 18 жастасыз (немесе сіз өзіңіздің аймағыңызда, аумағыңызда немесе тұратын еліңізде кәмелетке толғансыз), сіз осы Пайдалану шарттарын және Басқа келісімдерді орындауға келісесіз; немесе

b. 13 жастасыз, бірақ 18 жасқа толмағансыз (немесе сіздің аймағыңызда, аумағыңызда немесе тұратын еліңізде кәмелетке толмағансыз), алайда сіздің ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз Біздің Қызметтерді пайдалануға және ондағы кез келген мазмұнға қол жеткізуге келісім берді. Мұндай келісім сондай-ақ осы Пайдалану шарттарымен және сіздің атыңыздан берілген Басқа келісімдермен (соның ішінде сіз біздің есептік жазбамызға енгізген кез келген өзгерістермен) келісуді қамтиды.

4. ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ

4.1. Жазылым. Sajda плюс Мазмұны тіркеліп, жазылымды сатып алған пайдаланушыларға ғана қол жетімді («Жазылым»). Егер біз басқа ақпарат бермеген болсақ, онда жазылымның әртүрлі жоспарларына қолданылатын бағалар жайлы Біздің Қызметтерімізде біле аласыз.

4.2. Салық және басқа төлемдер. Әрбір жазылым үшін көрсетілген жазылым ақысы ешқандай акциз, сату салығы, пайдалану салығы немесе соған ұқсас салықтарды қамтымайды. Жазылым ақысы осы Келісім бойынша сатып алынған қызметтерімізді сату немесе жеткізу кезінде алу немесе төлеу қажет болуы мүмкін кез келген осындай салықтың (таза табыс салығын қоспағанда) сомасына ұлғайтылуы мүмкін екендігін мойындайсыз және соған келісесіз. Біздің қызметті пайдалануға байланысты жазылым құнына кірмеген, өзіңіздің қызмет провайдеріңізге байланысты өзгеруі мүмкін, үшінші тұлғалардың Интернетке кіру шығындары, банктік алымдар мен салықтар үшін жауапты екендігіңізді мойындайсыз және соған келісесіз.

4.3. Төлем әдісі. Сіз өзіңіз таңдаған Төлем әдісіне қолданылатын шарттармен келісесіз. Төлем әдістері қызметке байланысты өзгеруі мүмкін және несиелік немесе дебеттік картаны және/немесе басқа әдістерді қамтуы мүмкін.

4.4. Төлем ақпаратының дұрыстығы. Сіз жазған төлем ақпаратының, соның ішінде банктік шотыңыздың нөмірі/несиелік картаңыздың деректері мен жазылым процесін аяқтау үшін қажетті кез келген басқа да ақпараттың дұрыстығына жеке өзіңіз жауапты екендігіңізді мойындайсыз және келісесіз. Сіз ұсынатын несиелік картаның кез келгенін немесе басқа да төлем ақпаратын (соның ішінде кез келген Төлем әдісіне қатысты) пайдалануға құқығыңыз бар екендігін мәлімдейсіз және соған кепілдік бересіз. Біз тікелей, жанама, кездейсоқ болған шығындарға, соның ішінде төлем нұсқаулары өңделуінің кешігуі себепті немесе несие картасына жасалған әр түрлі алаяқтыққа байланысты пайда болған кез келген шығындарға жауапты емеспіз.

4.5. Шот. Шот кез келген төлем әдісі арқылы төлем жасағаннан кейін және төлем процесінің провайдері төлем өткендігін растағаннан кейін (егер мұндай шотты төлем процесінің провайдері ұсынған болса) тіркеу процесінде жазылған электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

4.6. Біз сіздің жазылымыңыздың ақысын төлеуді жеңілдету үшін және өңдеу үшін Apple және Google-дің енгізілген сатып алуларын қолданамыз. Жазылымыңыз сәтті түрде өткен болса, сізге хабарлаймыз. БІЗ НЕСИЕ НЕМЕСЕ ДЕБЕТТІК КАРТА ТУРАЛЫ КЕЗ КЕЛГЕН АҚПАРАТТЫ ЖИНАМАЙМЫЗ, ҚОЛ ЖЕТКІЗБЕЙМІЗ, САҚТАМАЙМЫЗ НЕМЕСЕ ӨҢДЕМЕЙМІЗ.

5. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН БАС ТАРТУ

ҚЫЗМЕТ "СОЛ КҮЙІНДЕ" ЖӘНЕ "ҚОЛ ЖЕТІМДІ КҮЙІНДЕ" ҚАНДАЙДА БІР НАҚТЫ БОЛЖАМДЫ НЕМЕСЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ. СОНДАЙ-АҚ, SAJDA ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КОНТЕНТТІҢ БАРЛЫҚ ИЕЛЕРІ МАЗМҰНҒА ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН АЙҚЫН ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТАДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА, ТАУАР РЕТІНДЕ ЖАРАМДЫЛЫҚ, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗБАУ КЕПІЛДІКТЕРІ. SAJDA ДА, ОНДАҒЫ КОНТЕНТТІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ИЕСІ ДЕ SAJDA ҚЫЗМЕТІНДЕ НЕМЕСЕ МАЗМҰНЫНДА ЗИЯНДЫ БАҒДАРЛАМАЛАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЗИЯНДЫ КОМПОНЕНТТЕР ЖОҚ ЕКЕНДІГІНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. СОНЫМЕН ҚАТАР, SAJDA ҮШІНШІ ТАРАП ҚОЛДАНБАЛАРЫНА (НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫНА), ПАЙДАЛАНУШЫ ЖАСАҒАН МАЗМҰНҒА, ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА НЕМЕСЕ БІР ТАРАПТЫҢ SAJDA АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ВЕБ-САЙТТА ЕРЕНСІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖАРНАМАЛАЙТЫН, НАСИХАТТАЙТЫН НЕМЕСЕ ҰСЫНАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ӨНІМДЕРГЕ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ КЕПІЛ БОЛМАЙДЫ, КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ НЕМЕСЕ ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. SAJDA СІЗ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ЖЕТКІЗУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН ТРАНЗАКЦИЯЛАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. СІЗДІҢ SAJDA-ДАН АЛҒАН АУЫЗША НЕМЕСЕ ЖАЗБАША КЕҢЕСТЕР МЕН АҚПАРАТ SAJDA АТЫНАН ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. БҰЛ БӨЛІМ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МАКСИМАЛДЫ ДӘРЕЖЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

Кіруге рұқсат алу, қолдану немесе кіруге я қолдануға рұқсаттың жоқтығы; (ii) жүйенің, сервердің немесе қосылымның қандайда бір істен шығуы, қателік, олқылық, үзілім, берілудің кешігуі, компьютерлік вирус немесе басқа да зиянды, құртушы немесе бұзушы код, агенттік бағдарлама немесе макростар; (iii) біздің Қызметтер арқылы жүзеге асатын, кез келген өзге веб-сайтты немесе веб-парақшаны пайдалану немесе оған қол жеткізу. (iv) Біздің Қызметтерімізден немесе Біздің Қызметтеріміз арқылы өтетін басқа да веб-сайттан немесе веб-парақшадан алынған немесе жүктелген кез келген қызметтер, өнімдер, ақпарат, деректер, бағдарламалық қамтамасыздандыру немесе басқа да мәліметтер; немесе (v) пайдалану немесе Біздің Қызметтерімізді дұрыс пайдаланбауыңыз нәтижесінде немесе оған байланысты туындайтын тікелей, жанама, ерекше немесе дәйекті залал немесе экономикалық шығындарды қоса алғанда, кез келген зиян, залал немесе шығындар үшін, бізге осындай залал, зиянға ұшырау немесе шығын болу мүмкін екендігі хабарланған болса да, Біз ешбір жағдайда және қандай да бір себептермен жауапты емеспіз. Ешбір жағдайда Біз сіздің немесе кез келген басқа тараптың алдында: (а) қандай да бір өнімдерді/қызметтерді сатып алулары себепті біздің Қызметтеріміздің басқа да пайдаланушыларынан тиесілі болған сомалар үшін; (б) сіздің немесе үшінші тараптың Біздің Қызметтерімізге қол жеткізу үшін қосымшаны жүктеу не орнатуға немесе жүктеу не орнатуға мүмкін емес болуына байланысты туындаған залал үшін және / немесе (c) сату салықтары, кедендік баждар және/немесе импортқа немесе экспортқа салынатын салықтар үшін жауап бермейміз.

7. БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДІ ТОҚТАТУ

7.1. Егер сіз жоғарыда аталған Пайдалану шарттарын бұзсаңыз, қандай да бір заңды, ережені немесе қаулыны бұзсаңыз немесе Біздің Қызметтерімізге, соның ішінде сіздің жазылымыңызға (егер бар болса) қатысты кез келген орынсыз мінез-құлық көрсетсеңіз алдын ала ескертусіз және сіздің немесе кез келген басқа тұлға алдында жауап беру міндетінсіз, кез келген уақытта жазылуыңызды (егер бар болса) немесе пайдалануыңызды және/немесе қызметтерімізге қол жеткізуіңізді дереу тоқтату, тоқтата тұру немесе шектеу құқығын өзімізде қалдырамыз.

7.2. Біз, басқа себептерді ескермегенде, (а) құқық қорғау органдарының немесе басқа мемлекеттік органдардың сұраулары, (б) күтпеген техникалық мәселелер немесе жағдайлар, немесе (c) егер бізде сіздің есептік жазбаңыз (ларыңыз) алаяқтық жолмен жасалғандығына, сіздің есептік жазбаңызға (аккаунтыңызға) алаяқтардың қол жеткізгендігіне немесе біреу сіздің есептік жазбаңызды алаяқтық жасау үшін немесе басқа да қолданылу талаптарына сәйкес емес мақсатта пайдаланып жатқандығына көзіміз жетсе, жоғарыда айтылғандарды шектемей, қандай да бір себептермен сіздің есептік жазбаларыңызға кіруді алдын ала ескертусіз шектей аламыз немесе тоқтата аламыз.

7.3. Заңмен рұқсат етілген максималды дәрежеде, сіздің есептік жазбаларыңызға кіруіңізді шектеу, тоқтата тұру немесе тоқтату үшін біз сіздің және үшінші тараптың алдында жауап бермейтінімізге келісесіз.

7.4. Егер жазылым ақысы әлі төленбеген болса, осы Пайдалану шарттарын кез келген себеппен тоқтату – жазылым үшін толық төлем жасау міндетіңізді жоймайды.

8. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ

Осы Пайдалану шарттары соқтығысу құқығы қағидатын ескермей, Қазақстан заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Сіз Қазақстан соттарының айрықша емес юрисдикциясына бағынуға келісесіз.

9. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Егер сізде Пайдалану шарттарына қатысты сұрақтарыңыз болса, бізге support@sajda.app электрондық поштасына жазыңыз.

Соңғы жаңарту: Apr 30, 2024